Қызылорда облысының командасы дзюдо спартакиадасында үздік атанды

Соның ішінде спартакиада бағдарламасындағы дзюдодан өткен жарыста Сыр елінің спортшылары топ жарып, командалық есепте чемпион атанды.
VI жазғы спартакиадасына 14 қызылордалық қатысты. Оның ішінде үш алтын медальді 60 келі салмақтағы Мағжан Шамшадин, 66 келі салмақтағы Әділбек Берікұлы, 100 келі салмақпен жарысқан Шархан Нұрлыхан жеңіп алды. Бір күміс медальға 81 келі салмақтағы Жұбаназар Абылайхан лайық деп танылды. Ал 48 келі салмақ бойынша өнер көрсеткен Жанерке Асқарова мен 57 келі салмақтағы Мұхамбет Дина және 78 келі салмақтағы Бисембай Әсел үшінші орынды қанағат тұтты.
Жалпы жарыс қорытындысы нәтижесінде сырбойылық спортшыларымыз үздік деп танылып, командалық есеп бойынша бірінші орынға көтеріліп отыр.
Айта кетейік, жазғы спартакиада бұдан кейін де еліміздің басқа қалаларында жалғасын табатын болады.