Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Бокстан әлем чемпионаты: Қамшыбек Қоңқабаев бүгінгі жеңісі жөнінде пікір білдірді

Бокстан әлем чемпионаты: Қамшыбек Қоңқабаев бүгінгі жеңісі жөнінде пікір білдірді

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының төртінші жарыс күнінде жеңіске жеткен Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) жекпе-жегі жөнінде пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

4 мамырда Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) ресейлік Алексей Дроновты нокаутқа жіберіп, жарыстың келесі сатысына шыққан болатын.

«Алғашқы жекпе-жегімді сәтті өткіздім. Бапкерлер құрамының үйреткенін өз деңгейінде орындап, жеңіске жеттім. Алдағы жекпе-жегімде де осындай жеңісімді жалғастырсам деген ойдамын. Оған бар күшімді саламын. Зал ішінен жанкүйерлер қолдауын сезіндім. Олардың саны аз болған жоқ. Сондай-ақ, маған қолдау білдірген барша жанкүйерлерге алғысымды білдіремін», - деді ол.

Сондай-ақ, ел құрамасынан бүгін Санатәли Төлтаев (63,5 келі) 1/16 финалда Маврикий елінен келген Ришарно Колинге есе жіберді.

Сондай-ақ, ел құрамасынан 3 мамырда Талғат Сырымбетов (60 келі) қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Ал Айбек Оралбай (92 келі) және Сағындық Тоғамбай (86 келі) алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
05 мамыр 2023 ж. 225 0