Әлемдік шахмат шеберлері – Астанада
Бұл күндері жер-жаһандағы шахмат жанкүйерлерінің назары Қазақстан астанасына ауып отыр. Өйткені 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында елордада шахматтан әлем чемпионатының алтын тәжі сарапқа салынып жатыр. Мұндай ауқымды жарыс Орталық Азияда алғаш рет Қазақстанда өткізіліп жатқанын айта кеткен жөн, деп хабарлайды egemen.kz.
Сонымен қатар әлемдік дода аясында елімізде тұңғыш рет шахматтан Қазақстанның әйелдер мен әлем құрамасы сынға түсуде. Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті Аркадий Дворкович 17-ші әлем чемпионы Астанада анықталып жатқаны, әйелдер арасындағы әлемнің ең үздік гроссмейстерлерінің Сарыарқа төсіне жиналуы Қазақстанның шахмат әлеміндегі алар орны ерекше екенін айғақтайтынын атап көрсеткен болатын.
Кейінгі жылдары Қазақстанның шахмат шеберлері әлемдік деңгейдегі ірі-ірі халықаралық турнирлерде жиі топ жарып, ел жанкүйерлерін қуантып жүргені белгілі. Жансая Әбдімәлік, Бибісара Асаубаева, Динара Сәдуақасова секілді дарынды қыздарымыз бірінен соң бірі дүниежүзілік додаларда өз мықтылығымен дараланып, әлем шахматшыларын қазақ қыздарымен санасатындай дәрежеге жеткізді. Мұны шахмат жанкүйерлері жақсы біледі. Жерлестеріміздің айтулы жеңістерінен кейін шахмат елімізде дамыған спорт түрлерінің қатарына қосылып, ел тұрғындары жаппай шұғылданатын бұқаралық сипатқа ие бола бастады.
Қазақстан – ФИДЕ-нің маңызды орталығы
Қазақстан мен әлем құрамасы арасындағы байрақты бәсекенің ашылу салтанатына Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов қатысып, турнирге қатысушыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар ведомство басшысы Қазақстанда ұйымдастырылып жатқан әлем чемпионаты аясындағы бірқатар іс-шараның маңыздылығына тоқталып, елімізде шахмат спортын одан әрі дамытуға мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
ФИДЕ-нің бас директоры, гроссмейстер Эмиль Сутовский осындай әлемдік деңгейдегі жарысты өткізуге мұрындық болғанына және іс-шара аясында қосымша турнирлерді ұйымдастырғаны үшін Қазақстан билігі мен еліміздің шахмат федерациясына алғысын білдірді. «Бұл іс-шаралар Қазақстанда шахмат спортының дамуына зор септігін тигізетініне сенімдімін. ФИДЕ алдағы уақытта да Қазақстанды маңызды орталық ретінде қарастырып, түрлі жарыстарды бірлесе өткізуге ниетті», деді Эмиль Сутовский.
Ал осы жарысты ұйымдастырудың бастамашысы болған Қазақстан шахмат федерациясының бірінші вице-президенті, гроссмейстер Дәрмен Сәдуақасов бастапқыда бұрынғы әлем чемпиондарының басын біріктіріп, шахматтың болашағын талқылау идеясы болғанын айтады. «Өкінішке қарай, әлем чемпиондарының тығыз кестесіне сәйкес оларды Астанада жинау мүмкін болмады. Сондықтан әйелдер арасындағы Қазақстан мен әлем үздіктерінің матчын ұйымдастыру туралы шешім қабылдадық. Қазіргі таңда Қазақстанның әйелдер құрамасы халықаралық жарыстарда табысты өнер көрсетіп жүр», деді Д.Сәдуақасов.
Бибісараның кезекті биігі
Жарыстың алғашқы күнінде шахматшылар рапид бойынша сынға түсті. Матч алдындағы жеребе тарту нәтижесі бойынша ересектер арасындағы алғашқы турда қытайлық Хоу Ифань мен отандасымыз Динара Сәдуақасова, үндістандық Харика Дрюнавалли мен Меруерт Қамалиденова, Әзербайжан өкілі Гунай Мамедзаде мен жылдам шахматтан әлемнің екі дүркін жеңімпазы Бибісара Асаубаева және грузин шахматшысы Нана Дзагнидзе мен Жансая Әбдімәлік шеберлік байқасты.
Ал жасөспірімдер арасында Зарина Нұрғалиева өзбекстандық Афруза Хамдамовамен, Ксения Балабаева болгариялық Нургюль Салимовамен, мажарстандық Зсока Гаал Алуа Нұрмановамен, үндістандық Шри Б.Савита Лия Құрманғалиевамен ойнады.
Төрт раундқа жалғасқан жарыстың алғашқы күні әлем құрамасының жеңісімен аяқталды – 18,5:13,5. Әлем құрамасынан бірінші жарыс күнінде үндістандық Харика Дрюнавалли үздік нәтиже көрсетті. Ол төрт матчтың екеуінде жеңіске жетіп, екі мәрте тең ойнады. Ал Қазақстан құрамасы сапынан ең үздік нәтиже Алуа Нұрмановаға тиесілі. Алтыншы тақтада ойнаған отандасымыз үш матчта қарсыласынан басым түссе, бір мәрте жеңілістің кермек дәмін татты.
Сонымен қатар турнирдің сенсациясын Бибісара Асаубаева жасады. Қазақстанның ғана емес, әлемнің ең даңқты гроссмейстерлерінің бірі саналатын Б.Асаубаева турнирдің бірінші күнінде төрт дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасындағы рейтингте көш бастап тұрған Хоу Ифаньді тізе бүктіріп, карьерасындағы маңызды жеңістерінің біріне қол жеткізді. Сонымен қатар қытайлық шахматшы отандастарымыз – Динара Сәдуақасова және Жансая Әбдімәлікпен тең ойнап, Меруерт Камалиденовадан басым түсті.
Екінші күнгі бәсекеде жерлестеріміз қарсыластарына қарағанда әлдеқайда сәтті өнер көрсеткенімен, жалпы есепте алға шыға алмады. Бұл күні Бибісара Асаубаева төрт ойынның екеуінде жеңіске жетіп, екеуінде тең түсті. Сонымен қатар отандасымыз екінші күн қатарынан Хоу Ифаньннен басым түсті. Сондай-ақ Динара Сәдуақасова мен Жансая Әбдімәлік те екі ойында үздік шықса, Меруерт Қамалиденова бір матчта жеңімпаз атанды. Осылайша, екі күннің қорытындысы бойынша әлем құрамасы 34,5 – 26,5 есебімен алда келеді.
Бүгін шахматшылар Қазақстан құрамасының оң жамбасына келетін жылдам шахмат (блиц) бойынша шеберлік байқасады. Сөйтіп, үш күннің қорытындысында барлық жекелеген ұпайларды есептеп, жарыс есебі шығарылады. Егер ұпай саны тең болған жағдайда, тең ойындардың нәтижелері есептеледі.
Жеңімпазға – 50 000 АҚШ доллары
Матчтың ережесіне тоқталар болсақ, бұл сынға әр командадан 8 ойыншы қатысады. Оның ішінде 20, 18, 16 және 14 жасқа дейінгі шахматшылар міндетті түрде болуы керек. Олар өз жас санаты бойынша бір-бірімен ойнайды. Ал қалған 4 әйел шахматшы өз қарсыластарымен all-play-all Схевенинген форматында күш сынасады.
Шахмат сарапшылары мен жанкүйерлерін қызықтырған бұл ойынға әлем құрамасын әйелдер арасындағы рейтингтің көшбасшысы, қытайлық Хоу Ифань бастап келді. Сонымен қатар грузиялық гроссмейстер Нана Дзагнидзе (2462), үндістандық гроссмейстер Харика Дронавалли (2447), әзербайжандық Гунай Мамедзаде (2348), болгариялық Нургюль Салимова (2347, U20), мажарстандық Зсока Гаал (U18), үндістандық Савита Шри (U16) және өзбекстандық Афруза Хамдамова (2135, U14) Астанада шеберлік байқасады.
Қазақстан құрамасы сапында гроссмейстер Жансая Әбдімәлік (2454), Динара Сәдуақасова (2402), Бибісара Асаубаева (2359), Меруерт Қамалиденова (2273), Лия Құрманғалиева (2152, U20), Ксения Балабаева (2111, U18), Алуа Нұрманова (2193, U16) және Зарина Нұрғалиева (2070, U14) өнер көрсетеді. Лия Құрманғалиева мен Ксения Балабаева жуырда Алматы қаласында өткен Қазақстан чемпионатында осы жас санатында жүлдегер болған.
Жарыстың жалпы жүлде қоры – 50 000 АҚШ доллары. Жеңіске жеткен құрама 30 000 долларға ие болады. Оның ішінде 20 000 доллары құрамадағы ересек шахматшыларға берілсе, қалған 10 000 доллар жас шахматшыларға үлестіріледі. Ал екінші орындағы құрама 20 000 доллар көлеміндегі қаржылай сыйақыға ие болады.