Жәмиля Бақбергенова – Азия чемпионы
Қазақ қызы осымен 3-ші мәрте құрлықтық додада топ жарып тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Күрес түрлері бойынша байрақты бәсеке дәл қазір Астанада өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні әйелдер арасындағы белдесулер болды. Әсіресе ұлттық құрама сапындағы Жәмиля Бақбергенова өте сәтті өнер көрсетіп, барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Ол финалда жапон қызы Никура Сумиремен кездесіп, 5:1 есебімен жеңді. Ал оның алдында моңғолиялық Даваанасан Энхамарнан басым болды. Аталған қос спортшы да 72 келідегі басты фаворит саналған еді. Жеңіске жеткен Жәмиля ұлттық құрама қоржынына 2-ші алтынды салды. Бұған дейін 76 келідегі Эльмира Сыздықова да чемпион атаған болатын. Ол соңғы сында қырғызстандық Айпері Медеткызын 5:0 есебімен жеңді.Сонымен қатар қазақстандық Марина Седнева, Елена Шалыгина және Нилуфар Раимовалар қола жүлдеге қол созды. Осының арқасында жалпы есепте үшінші сатыға жайғастық.
Топ басында Жапония мен Қытай құрамалары. Олар сәйкесінше 5 және 2 алтыннан жеңіп алды. Енді бозкілемге еркін күрес шеберлері шығады. Астанадағы Азия чемпионаты 15-ші сәуірге дейін жалғасады.