Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Теннис турнирі: Қазақстан қоржынында тоғыз медаль

Теннис турнирі: Қазақстан қоржынында тоғыз медаль

Ыстамбұлда теннистен өтіп жатқан рейтингілік турнирде Путинцева жарысты сәтті бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол  алғашқы айналымда польшалық Магда Линетті айқын басымдықпен ұтып, келесі кезеңге өтті. Моңғолия астанасы Ұланбатыр қаласында күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр. Жарыстың алғашқы күндері грек-рим күресінің бәсекелері өтті және бұл сында жерлестеріміз жалпы есепте топ бастады. Яғни классиктер еншісінде 2 алтын 5 күміс және 2 қола бар. Атап айтқанда, аса ауыр салмақтағы Әлімхан Сыздықов пен орта салмақтағы  Мейіржан Шермаханбет қарсылас шақ кетірмеді. Әсіресе Мейіржан соңғы сында екі дүркін әлем чемпионы және екі дүркін Азия чемпионы кореялық Рю Хан Суды ұтты. Жекпе-жек уақытынан бұрын аяқталды. Қорытынды есеп: 11:3. Бұған қоса, Аманғали Бекболатов, Мирамбек Айнағұлов, Мақсат Ережепов және Абылайхан Әмзеевтер финалда ғана есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды. 82 келідегі Диас Қален де осындай нәтиже көрсетті. Ал ұлттық құрама сапындағы Нұрсұлтан Тұрсынов пен Ернұр Фидахметов өз салмақ дәрежелерінде үздік үштікті түйіндеді. Енді бозкілемге бұрымды балуандар шығады. Азия чемпионатының жалпы қортындысы 24 сәуірде белгілі болады.

ҚЫЗЫЛОРДА ЧИНШАНЛО 4 РЕКОРДТЫ ЖАҢАРТТЫ

4 рекордты жаңартты. Қазақстандық Зульфия Чиншанло ішкі біріншілікте сенімді түрде жеңіске жетті. Ауыр атлетика шеберлерінің бәсекесі Қызылордада өтіп жатыр. Жарыстың кезекті күні 59 келіге дейінгілер арасындағы тартыс болды. Бұл сында Зульфия бас-аяғы 223 келіні басынан асырды. Бұл ең жақын қарсыласының көрсекішінен 51 келіге артық. Яғни Зульфия жұлқа көтеруде 95, ал серпе көтеруде 128 келіні бағындырды. Осы арқылы қос бағытта 2 рекордттан тіркеді. Екінші орынға жергілікті Алтынай Тәңірбергенова тұрақтаса, үздік үштікті Солтүстік Қазақстаннан келген Алина Колиушко түйіндеді. Бұған қоса, 55 келідегі спортшылар да өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде, алматылық  Айгерім Ауылбек алтын, жамбылдық  Шынар Жапар күміс және тағы бір алматылық Бибісара Жанболат қола жүлдегер атанды.

«АСТАНА» ШАБАНДОЗЫ ЖЕТІНШІ ОРЫНДА

Италияның таулы-қыратты аумағында велокөпкүндік жалғасып жатыр. «Альпі турының» кезекті, яғни, үшінші кезеңінде шабандоздар 155 шақырымды бағындырды. Бұл сында германиялық Леннард Кемна топ жарды. Ол аталаған аралықты 4 сағат 2 минут 56 секундта жүріп өтті. Ал «Астана» сапынан ең тәуір көрсеткішке Вадим Пронский қол жеткізді. Ол жеңімпаздан 4 секундқа қалып, мәре сызығын жетінші болып кесті. Қазақстандық клубтың басқа мүшелері, оның ішінде Джо Домбровски 29-шы, Себастьян Энао 48-ші, ал, Давид Де ла Крус  бен Юрий Натаров, сәйкесінше, 80-ші және 81-ші сатыларға тұрақтады. Жалпы есепте, Джо Домбровски 6-шы келеді. «Астананың» қалған спортшылары төменгі сатыларда. Алда әлі 2 кезең бар. «Альпі туры» 23 сәуірге дейін жалғасады. 



21 сәуір 2022 ж. 545 0