Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлем чемпионатында жерлестеріміз жарысты сәтті бастады

Әлем чемпионатында жерлестеріміз жарысты сәтті бастады

Дәл қазір Түркияның Стамбұл қаласында бокстан әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биылғы бәсекеге 73 елден 300-ден аса қатусушы жиналды және бұл өзіндік рекорд саналады. Айтулы аламанда ел намысын 12 спортшы қорғайды.  Жарыстың алғашқы күндері шаршы алаңға Валенитна Хальзова  мен Алуа Балқыбекова шықты және екеуі де қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. 70 келіге дейінгілер арасындағы Валенитна Оңтүістік Корея өкілін 2 рет нокдаундқа жіберіп, төреші жекпе-жекті тоқтатуға мәжбүр болды.  Ал, 48 келідегі Алуа Балқыбекова канадалық Приянка Диллонды  5:0 есебмен жеңді. Қалған боксшыларымыз енді өнер көрсетеді. Түркиядағы дода 20-шы мамырға дейін жалғасады.

Валенитна Хальзова, бокстан Ұлттық құрама мүшесі:

– Корялық тарап мені тыңғылықты зерттеп, арнайы жоспар құрып жатқанын сездім. Сәйкесінше, біз де оларға тосын сый дайындадық. Екінші айналымға өттім. Жарысты жалғастырамыз. Әлем чемпионатына тек қана алтын жүлде үшін келдік.Командадағы қалған қыздарға сәттілік тілеймін.

СУРДОЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНДА ТОП ЖАРДЫ

Қоржында 16 медаль. Бразилияның Кашиас-ду-Сул қаласында Сурдолимпиада ойындары жалғасып жатыр. Есту қабілеті төмен спортшылар арасындағы бәсекеде жерлестеріміз тағы да жүлдегерлер қатарынан табылды. Атап айтқанда, таэквондошы Аян Әбдіраш қола медальға қол созды. 58 келіге дейінгілер арасында сынға түскен Аян шешуші кездесуде Өзбекстан спортшысын ұтты. Кейін оның жеңіс жолын орта салмақтағы Жақып Нұрдәулет пен ауыр салмақтағы Виктор Фрундин жалғастырды. Ал, ядро лақтыру сынында қазақстандық Ольга Хижникова сәтті өнер көрсетіп, күміс жүлдегер атанды. Осының алдында дзюдо шеберлері де үздік үштікке іліккен еді. Соның арқасында Қазақстан құрамасы қоржынында қазір 3 күміс пен 12 қола бар. Бразилиядағы бәсеке 15-ші мамырға дейін жалғасады.

ЖАС БАЛУАНДАРДЫҢ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

Жас палуандар елордада бас қосты. Бұнда халықаралық дәрежедегі спорт шебері Қалқабай Бопиев жүлдесіне арналған республикалық турнир өтті. Балалар мен жаөспірімдер арасындағы бәсекеге 500-ден аса қатысушы жиналды. Ең кішісі – 5 жаста. Еркін күрес шеберлері 12 салмақ  бойынша өзара мықтыны анықтады. Нәтимжесінде, Алматы облысынан келген команда алдына жан салмай, жалпыкомандалық есепте топ бастады. Одан кейінгі орындарға Нұр-Сұлтан қаласы мен Жамбыл облысының құрамалары жайғасты.  Айта кету керек, республикалық турнир Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті. Осы арқылы отандық спорттағы насихат жұмыстарын күшейтуге және болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеуге ден қоямыз дейді ұйымдастырушылар. Байрақты бәсекені алдағы жылдары тұрақты өткізу жоспарланып отыр. 





11 мамыр 2022 ж. 508 0