Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуропа кубогі: Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алты медаль жеңіп алды

Еуропа кубогі: Дзюдодан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы алты медаль жеңіп алды

11-12 наурыз күндері Хорватияның Загреб қаласында дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа кубогі өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ


Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Еуропа ашық кубогін 2 алтын, 1 күміс және 3 қола жүлдені жеңіп алып, медаль кестесінде 5-ші орынға тұрақтады. 

Қазақстан құрамасы сапынан Ерхан Марат (50 кг) пен Сабина Юлдашева (48 кг) жарыс жеңімпазлары атанса, Оралбек Байзақ (55 кг) күміс жүлдеге ие болды. Ал Нұрсұлтан Ысқақов (60 кг), Еділ Ерболұлы (60 кг) мен Досбол Балғабай (81 кг) Қазақстан қоржынына үш қола жүлдені салды. 

Айта кетерлігі, аталған жарыс Қазақстан жасөспірімдер құрамасының жаңа маусымдағы алғашқы халықаралық додасы болып саналады. 
13 наурыз 2023 ж. 243 0