Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№45 газет

16 маусым 2026 ж.

№44 газет

13 маусым 2026 ж.

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Қазақстандық жас теннисші Пәкістандағы турнирде чемпион атанды

Қазақстандық жас теннисші Пәкістандағы турнирде чемпион атанды

Қазақстандық жас теннисші Таира Әбділдаева Пәкстанда жасөспірімдер арасында ITF J30 турнирінде чемпион атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстан теннис федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Т.Әбділдаева жұптық сында ресейлік Влада Гурлеевамен бірге финалда тағы бір қазақстандық Анастасия Ким – қытайлық Си Джиншуді 7:5, 6:3 есебімен ұтты.

Таира – Алматы теннис мектебінің түлегі, 16 жаста.

Тағы бір қазақстандық Денис Евсеев Монтеррей (Мексика) челленджер жарысының іріктеу сайысын сәтті бастады. Ол америкалық Эван Кингтен басым түсті – 7:5, 6:3. Енді іріктеу сайыстарының финалында италиялық Стефано Наполитаноны жеңсе, негізгі додаға жолдама алады.

Андрей Голубев пен Александр Недовесов Рио-де-Жанейро (Бразилия) ATP 500 турнирінің іріктеу сатысында корт иелері Жуан Фонсека – Матеуш Алвешке жол берді – 6:7 (3:7), 2:6.

Тимофей Скатовтың да Бразилиядағы осы жарыста жолы болмады. Ол тағы бір бразилиялық Эдуардо Рибейродан жеңілді – 6:2, 2:6, 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Дубай турниріндегі қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Францияда Марсель жарысында бақ сынайды.

Елена Рыбакина жұптық сында Дубай турнирін сәтті бастады.

Қазақстандық теннисшілердің әлемдік рейтингтегі орындары белгілі болды.


Фото: ktf.kz
20 ақпан 2023 ж. 345 0