Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№45 газет

16 маусым 2026 ж.

№44 газет

13 маусым 2026 ж.

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жанқош Тұраров әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасатын күн белгіленді

Жанқош Тұраров әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасатын күн белгіленді

Жеңіліп көрмеген қазақ боксшысы Жанқош Тұраровтың (26-0, 19 КО) келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec мәліметінше, Тұраровтың кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі бұрын айтылғандай 18 наурыз емес, 21 наурызда Алматыда өтеді.

Жанқоштың қарсыласы - Алехандро Менесес (16-5, 9 КО), мексикалық боксшы IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуді қорғайды. Жекпе-жек 12 раундқа есептелген.

Еске салайық, Тұраров желтоқсанда Алматыда өткен кейінгі жекпе-жегінде венесуэлалық Луис Энрике Ромеро (11-6-1, 7 КО) жетінші раундта аяқтап, бос қалған IBO Intercontinental белбеуін жеңіп алған болатын.

Менесес кейінгі рет былтыр сәуірде Ливерпульде ұлыбританиялық Сэм Максвеллді (16-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңіп, IBO белбеуін жеңіп алған болатын.
15 ақпан 2023 ж. 355 0