Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Рыпакова кәсіби карьерасын аяқтады

Рыпакова кәсіби карьерасын аяқтады

Рыпакова кәсіпқой мансабын аяқтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жөнінде қазақстандық жеңіл атлетика шеберінің өзі Астанадағы Азия чемпионатында мәлімдеді. Ольга Рыпакованың есімі спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол талай байрақты бәсекеде топ жарып, ел абыройын асқақтатқан болатын. 3 мәрте олимпиаданың жеңіс тұғырына көтерілді. Әсіресе, 2012 жылы Лондондағы жазғы ойындарда үш қарғып секіруден ең үздік нәтижені тіркеп, чемпион атанды. Оның алдында Бейжің олимпиадасында күміс, ал, 2016 жылы Риода болған ойындарда қола жеңіп алған болатын. Бұған қоса, Рыпакова Әлем чемпионаттары мен Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы. Елордадағы шараның соңында ол көк туымызды көтеріп, құрмет шеңберін жүгіріп өтті.

Ольга Рыпакова, Олимпиада чемпионы:

- Бұл шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Өйткені үлкен спортқа үйреніп қалдық. Осы мүмкіндік пайдаланып, қазақ еліне алғыс айтқым келеді. Әсіресе, мені осы күнге дейін қолдап, барынша көмексетіп келген адамдардға рихашылығым шексіз.

13 ақпан 2023 ж. 194 0