Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 75 газет

04 қазан 2025 ж.

№ 74 газет

30 қыркүйек 2025 ж.

№ 73 газет

27 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Қызылордалық тоғызқұмалақшылар үздік атанды

Қызылордалық тоғызқұмалақшылар үздік атанды

«Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» ЗТБ-нің 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қызылорда «Ең үздік облыс» номинациясының иегері атанды. Үш жыл қатарынан республикада Қызылорда облысы бірінші орында тұр, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Былтырғы жыл қорытындысы бойынша қызылордалық тоғызқұмалақшылар ҚР чемпионаттарынан 21 алтын, 11 күміс және 14 қола медаль алса, Әлем, Азия кубоктары мен чемпионаттарынан 3 алтын, 6 күміс, 3 қола медаль иеленді. 

Облыста 1000-ға жуық спортшы ұлттық спорттың осы түрімен кәсіби айналысады, 25-тен аса спортшы Ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, ел мәртебесін асқақтатуда.

09 қаңтар 2023 ж. 498 0