Бокстан облыстық турнир басталды
Сырдария ауданы Шаған ауылында КСРО спорт шебері, белгілі бапкер Матиков Асылбек Шәріпбайұлын еске алуға арналған жасөспірімдер арасында бокстан облыстық турнир жалауын көтерді.
Жарыстың салтанатты ашылу рəсімінде аудан әкімі М.Ергешбаев сөз сөйлеп, жас былғары қолғап шеберлерінің жеңіс тұғырынан көрінуіне ниет білдіріп, сəттілік тіледі.
- Былғары қолғап шебері болған Асылбек Шәріпбайұлы ел спортының дамуына сүбелі үлес қосқан азамат. Ол жастайынан спортқа бейім болып, ел мерейін өсірді. Республикалық, бүкілодақтық студенттер спартакиадасында жеңімпаз болды. Көптеген елдерде өткізілген байрақты бәсекелерде топ жарып, мықты боксшы екенін дәлелдеді. Ал одан кейінгі кезеңде былғары қолғап шеберлерін дайындауға елеулі еңбек етті. Алматы, Жамбыл, Қызылорда облыстарында аға жаттықтырушы болып, қаншама шәкірттерді дайындады. Өзі туған ауылда спорт мектебін ашып, жастардың бокспен шұғылдануына жағдай жасады. Сондықтан елге белгілі КСРО спорт шеберінің ел спортын дамытудағы еңбегі зор. Осындай спортшы тұлғаның есімі бүгінде ерекше құрметпен аталады. Бүгінгі еске алуға арналған спорттық іс-шара Асылбек Матиковтың елеулі еңбегіне лайықты құрмет. Сондықтан ардақты спортшының бүгінгі ізбасарлары облыстық ашық турнирде шеберлік пен ептілік танытады деген сенімдемін. Жарыс қатысушыларына сәттілік тілеймін! - деді аудан әкімі өз сөзінде.
Сондай ақ, шара барысында Асылбек Шәріпбайұлының замандас достары спорт шеберінің өмір жолы мен естеліктерімен бөлісті.
Турнирге еліміздің облыстары, қалалары және облыстың барлық аудандарынан 17 салмақ дәрежесінде 150-ге жуық спортшы қатысуда.