Білекті жас шабандоздар дауыс берді
Бүгінгі Президенттің кезектен тыс сайлауында дауыс беретін сайдың тасындай, 18 жасқа толып жатқан тепсе темір үзетін жас шабандоздар ауданға қарасты С.Сейфуллин ауылдық округінде жиналып, дүбірлі додада бас қосты.
Тартысты қызу сайыс барысында №159 сайлау учаскесінің алдына салым тасталды.
Осында дауыс беруге келген азаматтар ұлттық ойынды дәріптеп, дамытып жатқан жас шабандоздарға қаржылай сый-құрмет көрсетті.
Тартысты қызу сайыс барысында №159 сайлау учаскесінің алдына салым тасталды.
Осында дауыс беруге келген азаматтар ұлттық ойынды дәріптеп, дамытып жатқан жас шабандоздарға қаржылай сый-құрмет көрсетті.
Көкпар – қазақтың қанына сіңген өнер. Қалың ортаны қақ жарып барып, дода ортасынан серкені суырып шыққан шабандозын көргенде жүрегі туламайтын қазақ бар ма?! Жұртшылықты дәстүрлі ойын мен ұлттық спортқа қызықтыру, бұқаралық спортты жандандыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ұлттық спорттың додасы С.Сейфуллин ауылдық округінде жалғасын тапты. Қай кезде де қазықылықтан айнымаған ауыл халқы бұл жолыда қалыс қалған жоқ. Саяси науқан кезінде қлттық спортты дәріптеп, жастарға барынша қолдау білдірді. Осындай игі дәстүр сабақтастығын жаңғыртқан ауыл тұрғындарына дән ризамыз. Тыпыршып, үзеңгімен алысқан жастар сайлауда көпшілікке жақсы көңіл-күй сыйлады. Әрбір сайлаушылар көкпаршыларға сәттілік тілеп жатты. Сайлау өз деңгейінде өтуде.