Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » «Қайсар» қарсыласына байсал таптырмады

«Қайсар» қарсыласына байсал таптырмады

Футболдан OlimpBet Қазақстан кубогының 3 кезеңінде қызылордалық «Қайсар» жеребеге сәйкес «Яссыны» қабылдады, деп хабарлайды Syrboyi.kz.

Матчты қасқырлар қарқынды бастады. Мамаду Диалло мен Өркен Махан жылдам шабуыл ұйымдастырып, 18-минутта есеп ашты. Қонақтар қорғаныста салғырт ойнап, Мамаду қарсыластың қақпашысы Серікбол Қапановтан айласын асырды. Араға 10 минут салып шабуылшы Өркен Махан «Қайсардың» кезекті голын соқты.

Кездесудің екінші жартысында «Яссы» алаңға тыңнан ойыншылар шығарып, есеп айырмасын қысқартуға бекінді. Алайда Абылайхан Төлегенов бастаған қорғаушылар қорғаныста сыр бермеді. Матчтың қосымша белгілінген уақытында Өркен Махан кездесудің нүктесін қойды. Өркеннің бағыттаған добы қақпаның жібек торынан табылып, таблодағы есепті 3-0-ге жеткізді. Қорытынды есеп 3-0!

Айта кетейік, кубоктың жеребе тарту рәсімі 18 мамырға жоспарланған.
05 мамыр 2022 ж. 632 0