Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қысқы Олимпиаданың іріктеу турниріне қатысатын спортшылар анықталды

Қысқы Олимпиаданың іріктеу турниріне қатысатын спортшылар анықталды

Шорт-тректен 2021/22 жылғы маусым ресми түрде басталуға жақын. Бейжіңде 21-24 қазан күндері әлем кубогының бірінші кезеңі өтеді деп хабарлайды Egemen.kz.

Кубок кезеңі 2022 жылғы Бейжің Олимпиадасына іріктеу турнирі саналады. Сондықтан, барлық спортшы үшін бұл бәсекенің маңызы зор.

Осы орайда, Мәдіғали Қарсыбеков жаттықтыратын Қазақстан командасы Бейжіңге аттанды. Қазір команда дайындықты бастап кетті.

Әлем кубогының бірінші кезеңінде Қазақстан атынан сынға түсетін спортшылар тізімі:

Ерлер: Абзал Әжіғалиев, Еркебұлан Шамұханов, Әділ Ғалиахметов, Денис Никиша, Мерсаид Жақсыбаев, Нұртілек Қажығали;

Әйелдер: Ольга Тихонова, Мадина Жанбосынова, Алена Волковицкая, Яна Хан, Әлия Әмірғалиева, Әсел Тайшыманова.


18 қазан 2021 ж. 199 0