Тіршілік тынысы Сырдария аудандық қоғамдық-саяси газет
» » Сочидегі жарыста Динара Сәдуақасова тең ойнады

Сочидегі жарыста Динара Сәдуақасова тең ойнады

Ресейдің Сочи қаласында шахматтан әйелдер арасында өтіп жатқан әлем кубогы жолындағы жарыстың ширек финалдық сайыстарының алғашқы нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл межеде Динара Сәдуақасова Ресей біріншілігі мен көптеген аса ірі халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы, командалық есептегі дүниежүзі және құрлық чемпионы, былтыр «Үміткерлер турнирінде» топ жарып, әлемдік тәж үшін таласқан әйгілі Александра Горячкинамен шеберлік байқасуда.

Бүгінгі таңда ФИДЕ рейтингінде екінші орынды иеленіп отырған 22 жастағы орыс қызы бірінші партияны ақ фигуралармен ойнады. Алғашында Александра қарсыласын біраз қыспаққа алды. Алайда салқынқандылық танытқан Сәдуақасова қауіпті жағдайдан оңай құтылды. Осылайша, ол осы жарыстың басты фавориттерінің бірімен ұпай бөлісті. 

Сондай-ақ, Нана Дзагнидзе (Грузия) мен Анна Музычук (Украина) және Тань Чжунъи (Қытай) мен Екатерина Лагно (Ресей) арасындағы бәсекелерде де тең есеп тіркелді. Ал ресейлік Александра Костенюк өзінің отандасы Валентина Гунинадан басым түсті. 

Сочидегі жарыста ерлер де өнер көрсетуде. Бұл күндері олар 1/8 финалдық межеде күш сынасуда. Сол саңлақтар арасындағы сайыстардың қандай нәтижемен аяқталғаны жайында газетіміздің келесі сандарының бірінде баяндайтын боламыз.


26 шілде 2021 ж. 105 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам