Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » "Алға" алға шықты

"Алға" алға шықты

Аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен "Алғыр ой" коммерциялық емес жеке қордың ұйымдастыруымен (төрағасы Ғ.Болғанбаев) 14-29 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі жастар арасында аудандық спартакиада өткізілді. Дүбірлі дода аудандық дене шынықтыру, сауықтыру кешенінде волейбол жарысынан басталды. Бұл спорт түрінен сайысқа 3 команда қатысты. Волейбол тартымды ойынның бірі. Тартысты өткен бәсекеде "Алға" командасы ойлы ойын өрнегін көрсетіп, жүлделі бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орынға "Қайсар" командасы жайғасса, үшінші орынды "Жігер" командасы еншіледі.

Жеңімпаздар мен команда мүшелеріне көтерме және ынталандыру сыйлықтары берілді.

Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ 
07 қараша 2020 ж. 432 0