Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№2 газет

10 қаңтар 2026 ж.

№ 1 газет

06 қаңтар 2026 ж.

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Чемпионаттың алтын жүлдегерлері

Чемпионаттың алтын жүлдегерлері

Осы жылдың 3-13 қаңтар күндері Нұр-Султан қаласында волейболдан 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында және Орал қаласында 2005-2006 жылы туылған спортшылардың республика чемпионаты болып, өз мәресіне жетті.

Чемпионатта аудандағы №11СОРМБЖМ-де тәлім алатын жас спортшылар Ержігіт Айбекұлы, Нұрдәулет Амангельдиев, Мақсат Мелс, Нұрдәулет Өтегенов, Арнұр Рүстемов үздік ойын көрсетіп, алтын медаль иесі атанды. Волейболшылар №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектептің және №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейдің оқушылары. Спортшылардың жаттықтырушылары Б.Рысмахан мен А.Сейпулов.

ҚР чемпионатының 2007-2008 жас ерекшелігі бойынша Ержігіт Айбекұлы ең үздік ойыншысы атанды.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медаль, диплом және кубокпен марапатталды.

Жалпы айта кету керек, жарысқа еліміздің 13 облысынан 300-дей спортшы қатысты.

Аудан абыройын асырып, ел чемпионатында жүлдегер атанған жас волейболшыларды жеңісімен құттықтаймыз!

Б.ЖАНӘЛІ
14 қаңтар 2020 ж. 819 0