Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 100 газет

31 желтоқсан 2025 ж.

№ 99 газет

27 желтоқсан 2025 ж.

№98 газет

23 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Жерлесіміз чемпионат жүлдегері

Жерлесіміз чемпионат жүлдегері

Ақтау қаласында тоғызқұмалақтан ерлер және әйелдер арасындағы классика түрінен Қазақстан Республикасы жекелей чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған жарыс Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру Істері комитеті, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты федерациясы, Маңғыстау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университеті ғимаратында өтті.

Жарысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларымен қатар, еліміздің 11 облысынан 96 спортшы, 14 команда қатысты. Жарыс қорытындысы: Ерлер арасында: 1. Қайдаров Азамат (Ақтөбе облысы) – 8 ұпай 2. Бостандықов Бексұлтан (Қызылорда облысы) – 7,5 ұпай 3. Каймульдин Жанат (Павлодар облысы) – 7 ұпай.

Айта кету керек, Чемпионатта жүлдеген атанған Бексұлтан Бостандықов Сырдария ауданының тумасы. Жарайсың, Бексұлтан!



15 қыркүйек 2019 ж. 963 0