Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Президенттің өкілеттігі: Назарбаев Конституциялық кеңеске өтініш берді

Президенттің өкілеттігі: Назарбаев Конституциялық кеңеске өтініш берді

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Конституциялық кеңесіне өтініш берді, деп хабарлайды Конституциялық кеңестің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Stan.kz.

«2019 жылғы 4 ақпанда Республиканың Конституциялық Кеңесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 42-бабының 3-тармағына ресми түсіндірме беру туралы өтінішін конституциялық іс жүргізуге қабылдады», – делінеді хабарламада.

Конституцияның 42-бабы мемлекет басшысының өкілеттігінің тоқтауына қатысты.

«Республика Президентінің өкілеттігі жаңадан сайланған Республика Президенті қызметіне кіріскен кезден бастап, сондай-ақ Президент қызметінен мерзімінен бұрын босатылған немесе кетірілген не ол қайтыс болған жағдайда тоқтатылады. Республиканың бұрынғы Президенттерінің бәрінің, қызметінен кетірілгендерден басқасының, Қазақстан Республикасының экс-Президенті деген атағы болады», – делінеді 42-баптың 3-тармағында.

Хабарланғандай, Конституциялық заңына сәйкес, аталған өтінішті Конституциялық Кеңестің отырысында қарау үшін қажетті материалдарды дайындау жұмысы жүргізілуде.
05 ақпан 2019 ж. 1 190 0