Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Президент Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Оман Сұлтанына құттықтау жеделхатын жолдады

Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің және Қазақстан халқының атынан Хайсам бен Тариқ Әл Саид пен оның отандастарын Оман сұлтандығының төл мерекесі – Ұлттық күнімен құттықтады, деп хабарлайды Akorda.kz.

Мемлекет басшысы жеделхатында Оман Қазақстанның араб әлеміндегі сенімді серіктесі саналатынын айтты. Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынас қос халықтың игілігі үшін дами беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің аса жауапты қызметі мен барлық бастамасына табыс, ал Оман халқына құт-береке тіледі.
18 қараша 2024 ж. 206 0