Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалдықтарды басқару – проблемадан шешімге жасалған қадам

Қалдықтарды басқару – проблемадан шешімге жасалған қадам

Мемлекет басшысы «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан» шарасы аясында бірнеше айдың ішінде жүздеген мың үй ауласы тазартылып, миллион тоннадан астам қоқыс жиналғанын атап өтті. Осындай игі шаралардың арқасында елімізде жаңа мәдениет, жаңа қоғамдық этика орнығып келеді. Ұлттың жаңа сапасы осындай нақты шаралар арқылы қалыптасады.

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасының негізгі бағыттарының бірі – қалдықтармен жауапты жұмыс істеу. Ресми деректер бойынша, елімізде жыл сайын 4,5 млн тоннадан астам коммуналдық қалдық шығады, бұл ретте 2024 жылы қайта өңдеу деңгейі 25,8% ғана болды, демек әрі қарай да инфрақұрылымды дамытып, халықты хабардар ету жұмыстарын жалғастыру қажет. Осы мақсатта еліміздің қалаларында қайта өңделетін шикізат қабылдайтын әрі тұрғындарды тапсырған пластик пен алюминий үшін бонуспен ынталандыратын экобокстар мен фандоматтар белсенді түрде орнатылып жатыр. Бүгінде жеке бизнес Астана, Алматы, Ақтөбе және Өскемен сияқты ірі қалаларда 100-ден астам фандомат орнатты.

«Бұдан басқа, тамыз айының соңына дейін пилоттық жоба аясында Астана мен Жезқазғандағы 129 мектепте қоқысты бөлек жинауға арналған мыңнан астам экобокс орнатылды», — деді Ерлан Нысанбаев.

Министр бұл шаралар полигондарға жіберілетін қалдық көлемін азайтып, әрі өскелең ұрпақтың экологиялық санасын дамытуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
27 тамыз 2025 ж. 183 0