Заңсыз салынған кәсіпкерлік нысандарды реттеу: өңірлік шаралар нәтижесі

Аталған тапсырмаға сәйкес, облыс аумағында жалпы 422 құрылысы жүріп жатқан(Қызылорда қаласы – 158, Арал ауданы – 53, Қазалы ауданы – 52, Қармақшы ауданы – 28, Жалағаш ауданы – 25, Сырдария ауданы – 30, Шиелі ауданы – 22, Жаңақорған ауданы - 54)кәсіпкерлік нысандар бойынша зерделеу жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі күнімен 81 нысан заңдастырылды (Қызылорда қаласы–41, Арал – 1, Қазалы–5, Қармақшы -4, Сырдария – 4,Шиелі – 2, Жаңақорған ауданы-24), ал 57 нысан заңсыз салынғаны анықталып, олардың меншік иелерінежалпы 151 хаттама толтырылып(Қызылорда қаласы – 28/68, Арал ауданы – 5/11, Қазалы ауданы – 5/15, Қармақшы ауданы – 1/3, Жалағаш ауданы – 5/14, Сырдария ауданы – 8/24, Шиелі ауданы – 3/10, Жаңақорған ауданы – 2/6), 64 993 280 теңге айыппұл салынды.
Бұған қоса, Қызылорда қаласының 3 кәсіпкерлік нысаны бұздырылып, қазіргі таңда КБИ мөлтек ауданыңда заңсыз салынған пәтердің қосымша құрылысын бұздыруға соттын шешімі шықты.
Сонымен қатар, Қызылорда облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының қызметкерлерімен құрылыс процесстеріне қойылатын негізгі талаптар бойынша күнделікті түсіндірме жұмыстарын жүргізіп түсіндірме парақшаларын таратуда.
Әліп Мәди Раманқұлұлы
Қызылорда облысының
мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы
басқармасы басшысының орынбасары