Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 55 газет

26 шілде 2025 ж.

№ 54 газет

22 шілде 2025 ж.

№ 53 газет

19 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенінің құрылысы талқыланды

«Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенінің құрылысы талқыланды

Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Баубек Оралмағамбетовпен кездесті.

Кездесуде еліміздің ғарыштық әлеуетін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған маңызды жобалардың бірі – «Бәйтерек» ғарыш-зымыран кешенінің құрылысы талқыланды. Аймақ басшысы бұл жоба өңір экономикасына тың серпін беретінін және жаңа жұмыс орындарының құрылуына жол ашатынын атап өтті.

«Қазақстан мен Ресейдің бірлескен бұл бастамасы - қос мемлекеттің ғылыми-техникалық ынтымақтастығының жарқын үлгісі. Жоба «Байқоңыр» кешенінің, оның ішінде қаланың өркендеуі үшін аса қажет. Себебі, жобаны іске асыруда жаңа жұмыс орындары ашылып, қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына жаңа серпін берілетіні сөзсіз. Сонымен қатар, ғарыш-зымыран кешенінде экологиялық таза тасымалдағыштарды пайдалану – жалпы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам. «Байқоңыр» кешені туризм, оның ішінде халықаралық туризмді дамыту тұрғысынан да ерекше тартымдылыққа ие. Осы орайда, Аэроғарыш комитеті туризмді дамыту бағытында жүйелі жұмыс жүргізгенін ерекше атап өткім келеді.

Кешеннің туристік әлеуеті жоғары нысандарына баруды ресімдеуге арналған онлайн-платформа әзірленуде, туристік мақсатта пайдалануға болатын бірнеше ірі нысандар – «Гагарин старты» алаңы, «Гагарин беседкасы», «Энергия-Буран» монтаждау-жанармай құю кешені, динамикалық сынақтар стенді жалдан шығарылып, жаңа туристік маршруттар әзірленді. Бұл бастамалар өңіріміздің туристік әлеуетін арттыруға қосылған елеулі үлес деп есептейміз»,- деді Нұрлыбек Машбекұлы.

Кездесуде Баубек Оралмағамбетов екіжақты әріптестіктің алдағы уақытта да нығая түсетініне сенім білдіріп, жоспарларды бөлісті.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
Фото: Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

30 маусым 2025 ж. 132 0