Маңызды мәселелер қалыс қалмады

Қоғамдық қабылдауға облыстық мәслихат депутаты Жұмабек Ембергенов қатысты. Қоғамдық қабылдауда Аида Ибрагимқызы тұрғындардың жұмысқа орналасу, тұрғын үй, жайылымдық жерге байланысты мәселелерін тыңдады. Халық қалаулысы барлық мәселеге заң шеңберінде жауап беріп, шешілу жолдарын қарастырды.
– Жергілікті халықтың көтеріп отырған мәселелері өте орынды. Бүгінде көпшіліктің үніне құлақ асып, мәселенің шешілуіне аса мән беруіміз керек. Біз үшін сайлаушылардың сенімі – басты орында. Алдағы уақытта қоғамдық қабылдауда көтерілген мәселелерді назарға алып, тұрғындар уәжіне жауапкершілікпен қараймыз, – деді облыстық мәслихат депутаты.
Балтабай ОРДАБЕКОВ