Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№89 газет

09 қараша 2024 ж.

№88 газет

05 қараша 2024 ж.

№87 газет

02 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Ынтымақтастық нығая түседі

Ынтымақтастық нығая түседі

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов пен Тайланд Корольдігі Премьер-министрінің орынбасары Пхамтум Вечайячайдың кездесуінде сауданы дамыту, туризм және спорт саласындағы ынтымақтастық, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және қазақстандық өнім экспортын ұлғайту бағытындағы екіжақты қарым-қатынастың негізгі мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

2023 жылы Қазақстан мен Тайланд арасындағы тауар айналымы 367 млн долларға жетті. Тараптар Король­дік­­ке жеткізілетін отан­дық агро­өнеркәсіп кешені тауар­ла­рының түрлерін кеңейту мүм­кін­дігін қарастырды. Атап айтқанда, Қазақстан ет, көкөніс пен жеміс, дәнді дақылдар, ұн өнімдерін, өсімдік майларын және басқа да АӨК өнімдерін экспорттауға мүдделі.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз ауыл шаруашылығы өнім­де­рін сақтау және дистри­бу­ция­лаудың тиісті инфрақұ­рылы­мы бар ұлттық тауар өткізу жүйесін дамытып жатырмыз. Бұл елімізде агро азық-түлік хабын қалыптастыру үшін қа­жетті жағдайлар жасауға мүм­кіндік береді. Осы мәселеде Қазақстан мен Тайланд ара­сын­дағы ынтымақтастықты терең­детудің келешегі зор әрі бұл екі жаққа да тиімді», деді Олжас Бектенов.

Сонымен қатар Үкімет бас­шысы Қазақстан мен Тай­ландтың тиісті инвестициялық жобаларды іске асырудағы кең мүмкіндіктерін атап өтті.

Өз кезегінде Пхамтум Ве­чайячай Тайланд пен Қазақ­стан арасындағы сауда-эконо­микалық байланыстарды ны­ғайтуға сенім білдірді.

«Бүгін эконо­микалық өзара іс-қимыл туралы келі­сім­ге қол қойдық. Бұл құжат әртүрлі саладағы, соның ішін­де сауда, экономика және инвестициялардағы ынты­мақ­тастықты кеңейтуге ықпал етеді деп санаймын», деді Пхам­тум Вечайячай.

Кездесу барысында Тайланд Үкіметінің Қазақстан азаматтарына визасыз режім ұсынуымен қатар, туризм саласындағы қатынастардың оң даму динамикасы әңгімеге арқау болды. Пхукетте Консулдық пунктінің ашылуы Тайланд аумағында жүрген Қазақстан азаматтарына қажетті қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Бұған қоса Транскаспий бағытын дамыту аясында Қа­зақстанның транзиттік әлеуе­тін пайдалану мүмкіндігі талқыланды. Кездесу соңын­да тараптар екі ел арасын­да­ғы экономикалық ынтымақ­тастықты тереңдетуге ниет білдірді.
15 тамыз 2024 ж. 148 0