Тимур Сүлейменов Ұлттық банктің төрағасы болды
Парламент Сенатының жалпы отырысында Тимур Сүлейменов ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап айтқанда, Конституцияға сәйкес Президенттің Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Осы орайда Мемлекет басшысы палатаға тиісті ұсыным енгізді.
Атап айтқанда, Конституцияға сәйкес Президенттің Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келісім беру Сенаттың ерекше қарауына жатады. Осы орайда Мемлекет басшысы палатаға тиісті ұсыным енгізді.
«Конституцияның 44-бабына сәйкес Президент Парламент Сенатының қарауына Ұлттық банк төрағасы лауазымына Тимур Мұратұлы Сүлейменовтің кандидатурасын ұсынады. Ол төрт жылдан астам Президент Әкімшілігінде әлеуметтік-экономикалық бағытын басқарып, ауқымды экономикалық өзгерістерді жүзеге асыруға белсенді атсалысты. Кезінді Ұлттық экономика министрлігін басқарды, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының мүшесі болды. Ұлттық холдингтерде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. Тимур Мұратұлы қаржы және экономикалық бағыттарда, оның ішінде Ұлттық банк төрағасының орынбасары лауазымында үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Сондықтан қаржылық реттеушінің қызметін, оның міндеттері мен сын-қатерлерді анық біледі. Оның жеке қасиеттері мен құзыреттілігі Мемлекет басшысы қойып отырған мақсаттарға қол жеткізуге және Ұлттық банктің жұмысын жетілдіруге мүмкіндік береді деп сенімдіміз. Ұлттық банк төрағасы лауазымына Тимур Сүлейменовтің кандидатурасын қолдауды сұраймыз», - деді Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов.
Сенат отырысы барасында палата депутаттары аталған кандидатураны қолдады.
Фото: economy.gov.kz