Ауданның бас имамы тағайындалды
Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының №1708 бұйрығына сәйкес, аудандық орталық мешіттің бас имамы қызметіне Айбек Мадиев тағайындалды.
А.Мадиев бұған дейін Жалағаш аудандық орталық «Иманқұл» мешітінің бас имамы қызметін атқарып келген. Ол «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде білім алған. Еңбек жолы көршілес жатқан Жалағаш аудандық орталық «Иманқұл» мешітінде ұстаздықтан басталған. Одан кейін орталық мешіттің наиб имамы, 2016 жылдан биылға дейін бас имам қызметтерінде болды. Бүгінде аудандағы орталық мешіттің бас имамы ретінде қызметке кірісіп, сырдариялықтарды имандылыққа, діни білімге үндеуде.
Айта кетейік, бұған дейін ауданда бас имам қызметін Асхат Асқаров абыроймен атқарып келді. Аудан халқын имандылыққа тарту, ауданда жаңа мешіттің салынуы тұрғысында игілікті жұмыстарды, көптеген іс-шараларды атқарды. Ол Бас Мүфтидің бұйрығымен Жалағаш аудандық «Иманқұл» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.
«ТТ» ақпарат