Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 41 газет

03 маусым 2025 ж.

№ 40 газет

31 мамыр 2025 ж.

№ 39 газет

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
» » Инвестиция көлемін арттыруды тапсырды

Инвестиция көлемін арттыруды тапсырды

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қар­жы орталығының басқарушысы Ренат Бектұров­ты қабылдады, деп хабарлайды  Аkorda.kz.

Президентке «Астана» халық­ара­лық қаржы орталығының инно­вациялық қаржы өнімдері мен қыз­­меттерді дамыту,  еліміздің ин­вес­тициялық тартымдылығын арттыру, сондай-ақ АХҚО-ның жаңар­ған даму стратегиясы аясында не­­гізгі бизнес-серіктестермен өз­ара байланыс жұмыстары туралы мәлі­мет берілді.

Мемлекет басшысына орнықты қаржыландыру құралдарының аясын одан әрі кеңейту және еліміздің көмірсутегі бейтараптығына жету мақсатын қаржыландыруды жүзеге асырудағы Орталықтың рөлі жөнін­де баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев шетелден инвестиция тарту үшін қажетті инфрақұрылым құрып, жағдай жасауда, сондай-ақ қор нарығы мен ел экономикасын дамытуда АХҚО-ның ма­ңызды рөл атқаратынын атап өтті.

Кездесу соңында Мемлекет бас­шысы Ор­та­лықтың бәсеке­ге қа­бі­леттілігін ­арттыру қажетті­гіне, сон­дай-ақ Транс­каспий халық­ара­­лық көлік дәлізі секілді маңыз­ды инфра­құ­ры­лым жобаларына ауқымды ин­вестиция тарту үшін қолайлы жағ­дай жасау керек екеніне назар аударды.
25 наурыз 2023 ж. 368 0