Мәжіліс сайлауы: Ресейдің бес қаласында сайлау учаскелері ашылады
Ресейдегі қандастарымыз Мәжіліс депутаттарын сайлауға дауыс бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде 18 жасқа толған азаматтар №265 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде 18 жасқа толған азаматтар №265 сайлау учаскесінде дауыс бере алады.
«Сайлау учаскесінің жұмыс уақыты: Мәскеу уақыты бойынша 07:00 - 20:00. Мекенжайы: Мәскеу, Чистопрудный бульвары, 3 «А». Сайлаушының өзімен бірге Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы қажет», деп хабарлады Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшілігі.
Мәскеуден басқа, Қазақстан Республикасының Бас консулдықтарындағы сайлау учаскелерінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін дауыс беруге болады:
Санкт-Петербург – Рылеева көшесі, 10, No 290 сайлау учаскесі;
Қазан қаласы – Карл Маркс көшесі, 8/13, No 301 сайлау учаскесі;
Астрахань қаласы – 1-Аршанская көшесі, 17, No 291 сайлау учаскесі;
Омбы қаласы – Шоқан Уәлиханов көшесі, 9, No 292 сайлау учаскесі.