Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарақат Әбден президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

Қарақат Әбден президенттікке кандидат ретінде ұсынылды

"Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" үкіметтік емес ұйымы қоғам қайраткері Қарақат Әбденді Қазақстан президенті сайлауына кандидат ретінде ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.


48 жастағы Қарақат Әбден – 4 баланың анасы, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, Астана қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі, ҚМДБ мүшесі. Ақмола облысының тумасы.

Мемлекеттік қызметте, оның ішінде Салық комитетінің орталық аппаратында, Президент жанындағы мемлекеттік басқару академиясында 10 жылдан астам жұмыс тәжірибесі бар. VI шақырылымдағы Астана қаласы мәслихатының депутаты болды.

Қарақат Әбден Астанада "Қазақ қызы" еліміздегі тұңғыш әйелдер мәдени-адамгершілік ағарту институты ашты.  Ол сондай-ақ "Сен қазақсың. Мақтан тұт" кітабының авторы.

Еске салсақ, 20 қарашада Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.
08 қазан 2022 ж. 465 0