Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 59 газет

09 тамыз 2025 ж.

№ 58 газет

05 тамыз 2025 ж.

№ 57 газет

02 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Алматының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы келді

Алматыда конкурстық комиссияның шешімімен Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қала әкімдігінен хабарлағандай, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып Иран Шаметеков келді.

Иран Шаметеков 2000 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген. 2000-2001 жылдары Батыс Қазақстан медицина академиясында «Хирургия» мамандығымен интернатурадан өтті.

2006 жылы Д.А. Қонаев университетін «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.

Философия және қоғамдық денсаулық сақтау докторы ғылыми атағы бар.

Әр жылдары Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасының бастығы, Нұр-Сұлтан қаласы Денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары болып еңбек етті. Жамбыл облысы бойынша комитет департаментін басқарды.
17 шілде 2022 ж. 433 0