Жаңадан тағайындалған судья таныстырылды

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша Қамбар Жұмабайұлы Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 2 маусымдағы №906 Жарлығымен Сырдария аудандық сотының судьясы қызметіне тағайындалған Даурен Еркінұлы Ералиевті таныстырды.
Жаңадан тағайындалған судья ант беру рәсімінен соң қызметіне кірісті.
Қысқаша мәлімет:
Даурен Еркінұлы 1991 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Осыған дейін ОҚО, Мақтаарал ауданы, Мырзакент әкімі аппаратының бас маман-заңгері, Түркістан облысы, Мақтаарал аудандық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы қызметтерін атқарған.
Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі