Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » Гүлмира Дайрабаева жаңа қызметке тағайындалды

Гүлмира Дайрабаева жаңа қызметке тағайындалды

Сырдария ауданының тумасы, белгілі журналист Гүлмира Дайрабаева ҚР Қаржы министрінің баспасөз хатшысы және Қоғаммен байланыс департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

Гүлмира Дайрабаева – тележүргізуші, журналист, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Ақпарат саласының үздігі, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері. Мемлекеттік саясат және басқару магистрі.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Sophia-Antipolis атындағы шетелдіктерге арналған Франция институты, USC Sol Price School of Public Policy, Оңтүстік Калифорния университеті, АҚШ, Мемлекеттік саясат және басқару академиясының түлегі. «Қазақстан», «Хабар», «НТК», «ОРТ Қазақстан» телеарналарында еңбек етті.

Жерлесімізді жаңа қызметімен құттықтаймыз!

16 қаңтар 2022 ж. 1 758 0