Конституция
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№50 газет

04 шілде 2026 ж.

№49 газет

30 маусым 2026 ж.

№48 газет

27 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 
» » “Атырау-Ақпараттың” жаңа директоры тағайындалды

“Атырау-Ақпараттың” жаңа директоры тағайындалды

Бүгін "Атырау-Ақпарат" ЖШС-нің директоры болып Ысқақ Егембердиев тағайындалды. Жаңа басшыны ұжымға облыс әкімнің орынбасары Бақытгүл Хаменова таныстырды, – деп хабарлайды egemen.kz

Ысқақ Егембердиев 1983 жылы дүниеге келген. Білімі – жоғары. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің түлегі.  2005-2007  жылдары аталған университеттен журналистика магистрі біліктілігімен академиялық дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2000 жылы Қарағанды облысы, Жезқазған қалалық "Сарыарқа", "Мысты өңір"  газеттерінде тілшісінен  бастады. 2003-2004 жылдары "Қазақ университеті", "Жас Алаш"" газеттерінің тілшісі болды. 2005-2019 жылдары "Хабар" агенттігінде сценарист, редактор, шеф-редактор, продюсер, жоба жетекшісі ретінде шыңдалды.
2019 жылдың сәуірінен бері "Атырау-Ақпарат" ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді.

"Атырау-Ақпарат" медиахолдингі – екі облыстық, жетіаудандық газетті, 11 сайт пен баспахананы біріктірген үлкен құрылым. Мұнда дәстүрлі журналистикамен бірге, интернет-медианы да дамыту қолға алынған.
 
17 шілде 2020 ж. 572 0