Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әкім болуға ниетті кандидаттарға қандай талап қойылады?

Әкім болуға ниетті кандидаттарға қандай талап қойылады?

Бұл туралы ОСК мүшесі Ерлан Дауылбаев Орталық сайлау комиссиясының ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлауды ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша өткен отырысында айтты, деп хабарлайды baq.kz.
Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент әкімі болып сайлануы үшін ҚР азаматы, Сайлау туралы конституциялық заң мен Мемлекеттік қызмет туралы заңдардың нормаларына сәйкес талап қойылады. Алдымен үміткердің жасы 25-ке толуы тиіс. Заңда белгіленген тәртіп бойынша соттылығы мен сыбайлас жемқорлыққа қатысы болмауы керек. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкестігін құжаттар негізінде Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган анықтайды, - деді Ерлан Дауылбаев.Азаматтығын ішкі істер органдары, соттылығы мен заңда берілген тәртіппен таңылған сыбайлас жемқорлық деректері болмауын прокуратура органдары, лауазымға қойлатын біліктілік бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі аумақтық департаменттерге сұраулар жіберіледі. Осы органдар деректерді тексеріп, аумақтық сайлау комиссияларына жіберуі керек, - деді Дауылбаев.Кандидаттарды қолдап, қол жинауды сенім білдірген адамдар ұйымдастырады. Ол аудандық сайлау комиссиясы берген қол қою парақшасымен бекітіледі. Одан кейін хаттама рәсімделеді, - деді ол.
Оның айтуынша, кандидат ұсынылғаннан кейін оның сәйкестігін анықтауды сайлау комиссиясы кіріседі.Оның айтуынша, кандидаттар өзін-өзі ұсынған жағдайда сайлаушылардың жалпы санының 1 пайыз дауысының қолдауына ие болуы тиіс.
24 маусым 2021 ж. 330 0