Серік Сүлейменов жаңа қызметке тағайындалды
Мемлекет басшысының өкімімен Серік Жүсіпұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі қызметіне тағайындалды, – деп хабарлайды akorda.kz.
Серік Жүсіпұлы 1966 жылы туған. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Математика» және «Заңтану» мамандықтары бойынша бітірген.
Әр жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінде және квазимемлекеттік секторларда жауапты басшылық қызметтерін атқарған.
Соңғы жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2019 жылдың сәуір айынан бастап осы кезге дейін Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің төрағасы лауазымында қызмет атқарып келді.Серік Жүсіпұлы мінсіз мемлекеттік қызметі үшін «Құрмет» орденімен марапатталған.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Серік Жүсіпұлын құрылыс, энергетика, тұрғын үй және көліктік инфрақұрылымды дамыту салаларына жетекшілік ететін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалғанын хабарлаған болатынбыз.