Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Партия мүшелері ауыл тұрғындарын қабылдады

Партия мүшелері ауыл тұрғындарын қабылдады

Кеше «Nur Otan» партиясы аудандық филиалына қарасты "Амангелді", "Бесарық" бастауыш партия ұйымдарында ашық есік күні өткізілді.
Амангелді ауылында өткізілген шараға аудандық мәслихаттағы партия фракциясының мүшесі, бастауыш ұйым төрағасы З.Жаманқұлов, ауыл әкімі Қ.Құлымбетов қатысып, қоғамдық қабылдауға келген ауыл тұрғындарының мәселелерінің оңтайлы шешілуіне ықпал жасады.
Ал "Бесарық" бастауыш партия ұйымындағы қоғамдық қабылдауды аудандық мәслихаттағы партия фракциясының мүшесі О.Сейтмұратов жүргізіп, ауыл тұрғындарының мәселелерін тыңдады.
Бүгінгі күнге  дейін аудандық партия филиалына қарасты 7 бастауыш партия ұйымдарында ашық есік күндері өткізіліп, тұрғындарды қабылдау, сайлауалды бағдарламаның орындалуы бойынша есептер, бастауыш партия ұйымдарының атқарған жұмыстары жайлы мәліметтер берілді. Бұл жұмыстар алдағы аптада өз жалғасын табатын болады.

"ТТ"-ақпарат
08 ақпан 2020 ж. 772 0