Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қоғамдық жұмысқа тартылды

Қоғамдық жұмысқа тартылды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 3-бөлігі бойынша Т-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Іс құжаттарына сәйкес,  Т.  әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, көше бойында алкогольді ішімдік ішкен мас күйінде, адамның қадiр-қасиетiн және имандылықты қорлайтын деңгейде жүрген.

Сот отырысында азамат Т. өз кінәсін мойындап, қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындауға келісімін беретінін көрсетті.  

Сырдария аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Т.  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің
440-бабының 3-бөлігімен құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20  сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Сырдария  аудандық соты
Фото: Нұрболат Нұржаубай    
14 тамыз 2026 ж. 625 0