Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 8 газет

31 қаңтар 2026 ж.

№ 7 газет

27 қаңтар 2026 ж.

№6 газет

24 қаңтар 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » Қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды

Қоғамдық орында масаң күйде жүргені үшін қоғамдық жұмыстарға тартылды

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 3-бөлігі бойынша Н-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісқаралды.


Іс құжаттарына сәйкес,  Н.  әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап, 2025 жылғы 2 желтоқсанда Сырдария ауданы, Н.Ілиясов ауылының орталық алаң алдында алкогольді ішімдік ішкенен мас күйінде, адамның қадiр-қасиетiн және имандылықты қорлайтын деңгейде жүрген.

Сот отырысында азамат Н. өз кінәсін мойындап, қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындауға келісімін беретінін көрсетті.   

Сырдария аудандық сотының қаулысымен құқық бұзушы Н.  Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 440-бабының 3-бөлігімен құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 20  сағат қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.
Сырдария  аудандық соты
15 желтоқсан 2025 ж. 262 0