Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарыз өндіру туралы даулар сотқа дейінгі хаттама тәртібімен шешілді

Қарыз өндіру туралы даулар сотқа дейінгі хаттама тәртібімен шешілді

Сырдария аудандық сотында  қарыз ақша өндіру туралы 25 талап қою бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Даулар бойынша тараптарға сотқа дейінгі татуластыру рәсімдерін жүргізу нәтижесінде, сотқа дейінгі хаттама жасалып, тараптар өзара татуласып, дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келген.

Соттың ұйғарымымен тараптар арасындағы қарыз ақшаны өндіру туралы азаматтық істер бойынша дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімі бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Талап қоюшыларға төлеген мемлекеттік баж алымы қайтарылды.

Сырдария аудандық соты
фото: Нұрболат Нұржаубай    


29 шілде 2026 ж. 44 0