Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Браконьер» жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде

«Браконьер» жедел-профилактикалық іс шарасы өтуде

Аудан көлемінде «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шара­сы өтуде. Ақпан айының 1-інен басталған жүйелі жұмыстар ай соңына дейін жалғасын табады. 

Жедел-профилактикалық іс-шара экология­лық қылмыстың алдын алу, браконьерлік әрекет­тердің жолын кесу және су биоресурстарын қорғау­ды мақсат етеді. Осы уақыт аралығында жергілікті полиция қызметі, әкімшілік, криминал­дық полиция, көші-қон қызметі, тергеу және анықтау бөліністерінің күштері тығыз байланыста жұмыс жүргізбек. Бірлескен жедел-іздестіру тобы құрылып, қазіргі таңда өз жұмысын жүргізуде.

– «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шара­сының негізгі мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасын бұзу мен табиғатты заңсыз пайдалану фактілерін анықтау. Аң мен балық аулауды кәсіп яки сауық еткен жандар бар. Бірақ тұрғындар аң аулаудың да, балық аулаудың да өзін­дік қағида мен заңдылықтарға сүйенетінін білу­­ге міндетті. Жедел профилактикалық іс-шара жұмыс­тары басталғаннан бүгінгі күнге дейін ҚР ӘҚБтК-нің 383 бабы бойынша 7 әкім­­шілік хаттама рәсімделіп, иелеріне ескерту және айыппұл салынды, – дейді аудандық полиция бөлімінің инс­пекторы, полиция лейтенанты Н.Ғаниұлы.

Жедел профилактикалық іс-шара барысында азамат­тардың аңшылық атыс қаруы, патрондар, суық қару алып жүруі бақыланады. Сон­дай-ақ аталған заттарды тасымалдауға рұқ­сат құжатының бар-жоғы тексеріледі. Соны­мен қатар заңсыз алынған мүйіз, ет, тері, өсімдіктерді сату-сатып алу мәселелері назарға алынады.

Иә, адамзаттың табиғатсыз күні болмаса да, сол табиғатты заңды-заңсыз, ретті-рет­сіз зардап­қа кенелтетін де сол адамзаттың өзі. Ай соңына дейін жалғасатын жедел-профилак­тикалық іс-шара заң­сыз әрекеттердің алдын алумен қатар сыбайлас жемқорлыққа да қарсы бағытталады.

"Тт"-ақпарат 

Фото: astrakhan.su
06 ақпан 2024 ж. 195 0