Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№43 газет

09 маусым 2026 ж.

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ауыл тұрғынынан 1 келіден аса есірткі тәркіленді

Ауыл тұрғынынан 1 келіден аса есірткі тәркіленді

Қызылорда облысы полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері және Сырдария АПб қызметкерлерімен рейдтік жұмыстар жүргізуде. 

Жедел шара барысында ағымдағы жылдың 21 желтоқсан күні полиция қызметкерлері Сырдария ауданы, Аманкелді ауылының 53 жастағы тұрғынының үйін тексеру барысында 6 полиэтилен пакетке оралған жасыл түсті заттар және 3 дана банка ыдысына салынған ерекше иісі бар шөп, 2 дана пластикалық ыдысқа салынған  ерекше иісі бар шөп тәркіледі.

Сараптама қорытындысымен тәркіленген зат жалпы салмағы 1 кг 116 гр «кептірілген марихуана» екені белгілі болды. 

Аталған дерек бойынша ҚР ҚҚ 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: gov.kz
25 желтоқсан 2023 ж. 412 0