Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 газет

06 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » Қостанай облысында көбік кешінде кішкентай қызды ток соқты

Қостанай облысында көбік кешінде кішкентай қызды ток соқты

Қыз бала аудандық ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«25 тамыз күні Ұзынкөл кентінде Жастар күніне орай көбік кеші өтті, онда 9 жасар қызды ток соқты. Іс-шарада кезекшілік еткен дәрігерлер оған оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетті. Қыз аудандық ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады Қостанай облысының полиция департаментінен.

ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 2-бөлігі (кәмелетке толмағандарға арналған тауарлар немесе қызметтерге қатысты қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау немесе қызмет көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Қажетті тергеу амалдары жүргізіледі, тиісті сараптамалар белгіленді.

Еске сала кетейік, мамыр айында Түркістан облысында 10 жасар бала токқа түсті. Бала электр энергиясы қосалқы станциясының қоршалған аумағына кіріп, өте күшті разряд алған. Оның денесінен өткен разрядтан кейін некроз басталып, дәрігерлер аяқтың бір бөлігін кесуге мәжбүр болды.
27 тамыз 2023 ж. 257 0