Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№100 газет

21 желтоқсан 2024 ж.

№ 99 газет

14 желтоқсан 2024 ж.

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері тыйым салынған затты тәркіледі

Қызылордада ҚАЖ қызметкерлері тыйым салынған затты тәркіледі

Қызылордалық қамаудағы досына палау ішіне жасырып, телефон өткізіп бермекші болған, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Биылғы жылы Қылмыстық атқару саласына қарасты №68 республикалық мемлекеттік мекемесінде (тергеу изоляторы) сәлем-сауқаттарды қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлері тағы да, тыйым салынған затты тауып тәркіледі.

Мекеме қамауындағы сотталғанға келген азамат «Samsung» маркалы ұялы телефонын политэтилен пакетіне орап, палау тағамы ішіне жасырып, өтізбекші болған.

Алайда, жазаға тартылған досын жарылқамақшы ниеттегі азаматтың тағамдарға жасырған « тосын сыйын»  сәлем- сауқаттарды қабылдау бөлмесіндегі бақылаушы қызметкерлер,  әділет старшинасы Қасымбеков Балғазы мен аға бақылаушы  старшина Мақпал Келесова бірден аңғарып, тәркілеп,  ішке өтпеудің алдын алды.

Қамаудағы  азамат ҚК 188-баптың 3-бөлігімен (тұрғын, қызметтiк немесе өндiрiстiк үй-жайға, қоймаға не көлік құралына заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) бойынша сотталған.

Ал, досына телефон әкелген Қызылорда қаласының 1997 жылғы тұрғынының  үстінене аталған факті бойынша хаттама толтырылып, ҚРӘҚБтК-нің 481-бабына сәйкес, іс-құжаттары  процесуалдық  шешім қабылдау үшін Қызылорда қалалық әкімшілік сотына жолданды.
21 қараша 2022 ж. 290 0