Қызылорда нейрохирургтары мен неврологтары науқасты инсульттан аман алып қалды

Қан қысымы 200-ге дейін, қатты бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, сол қол мен аяқтың жансыздануы. Осындай белгілермен көпсалалы облыстық ауруханаға қала маңындағы Абай ауылының 47 жастағы тұрғыны Алуа Омарова түскен. Науқас шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.
«Мен қан қысымының жоғарылауына байланысты есепте тұрмын. КТ, МРТ зерттеулері барысында «ми қан айналымының жедел бұзылуы» диагнозы қойылды. Емдеуден кейін денсаулығым біршама жақсарды. Дәрігерлердің арқасында екінші рет инсульттан аман алып қалды», – дейді Алуа Омарова.

«Церебральды ангиография кезінде науқаста ми тамырларының қапшықты аневризмасы анықталды. Шұғыл түрде ота жасалды – аневризманы эмболизациялау. Бұл кезде сандағы артерия арқылы микроспиралдар енгізіліп, алшақтықты жауып, қан айналымы жүйесінен аневризманы эмболизациялайды. Содан кейін науқастың жағдайы айтарлықтай жақсарды. Ешқанда салдары жоқ», -деді дәрігер-невропатолог Әлия Тынышықбаева.
Дәрігерлердің айтуынша, егер инсульт дер кезінде емделмесе, науқастың миына қан құйылып, комаға түсуі мүмкін.
Көпсалалы облыстық аурухананың нейроинсульт бөлімінде жыл басынан бері 1 142 адам ем қабылдаған. Осы мақсаттарға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан 343,3 млн теңге бөлінді.