Судан келер қауіп көп

Су тасқыны және су басуының салдарынан тұрғын үйлердің және жердің шөгуі басталады. Ол ғимараттың жайлап жылжып, тіпті опырылуына әкелуі мүмкін.
Су тасқыны және су басуы кезінде тұрғын үйлерде және жұмыс орындарында радиотрансляция торабы тәулік бойы жұмыс істеуі қажет. Хабарландыру сигналдары тексеріліп, халық эвакуация жасау шараларымен және ережелерімен танысуы шарт.
Су тасқыны қауіпі туындаған жағдайда:
– төтенше жағдайлар туралы және іс-әрекет жасау ережелері туралы ақпаратты мұқият тыңдаңыз.Телефонды қолданбауға тырысыңыз, желі сізбен байланысу үшін бос болу керек;
– сабыр сақтаңыз, көршілеріңізге ескертіңіз, мүгедек адамдарға, балаларға және қарт адамдарға көмек көрсетіңіз;
– әкімдіктен тұрғындарға эвакуация жасау үшін жиналатын жерді сұрап біліңіз;
– су тасқыны қаупі алдын ала хабарланғаннан бастап құжаттарыңызды, киімдеріңізді, ең қажет заттарыңызды, бірнеше күнге азық-түлік қорын, дәрі-дәрмектеріңізді дайындаңыз. Барлығын шабаданға немесе сөмкеге салып қойыңыз. Құжаттарыңызды су өткізбейтін пакеттерде сақтаңыз;
– барлық электр құралдарын тоқтан ажыратыңыз, газды сөндіріңіз;
– құнды заттарыңызды және азық-түліктеріңізді жоғарғы қабатқа немесе жоғарғы сөреге қойыңыз.
Су тасқыны кезіндегі су басу аймағындағы іс-әрекеттеріңіз:
– сабыр сақтаңыз, үрейленбеңіз;
– тез арада қажетті құжаттарыңызды, құнды заттарыңызды, дәрілеріңізді, азық-түлік және басқа да қажетті заттарыңызды жинаңыз;
– балаларға, мүгедек және қарт адамдарға көмек көрсетіңіз;
– мүмкіндігінше тез арада су басу аймағынан шығыңыз;
– жоғарғы қабатқа көтеріліңіз, егер үй бір қабатты болса, шатырдың астында болыңыз;
– көмек келгенше үйдің жоғарғы қабатында немесе басқа биік жерге шығуға тырысыңыз. Мүмкін болса құтқарушыларға жылдам хабарласыңыз. Арнайы қызметкерлер Сізді мүмкіндігінше тез табуы үшін белгі беріңіз.
– жақын жерде зардап шеккендер болса, мүмкіндігінше оларға көмек көрсетіңіз.
Есіңізде сақтаңыз, дұрыс іс-әрекет сіздің және сіздің жақындарыңыздың өмірін сақтайды!
Сырдария аудандық
төтенше жағдайлар бөлімі
төтенше жағдайлар бөлімі