Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 48 газет

01 шілде 2025 ж.

№ 47 газет

28 маусым 2025 ж.

№ 46 газет

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
» » Қызылордада биылдыққа жол-көлік оқиғасынан 91 адам қаза тапты

Қызылордада биылдыққа жол-көлік оқиғасынан 91 адам қаза тапты

Қызылорда облысында биылғы 8 айда 247 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан 91 адам қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аталған уақытта республикалық маңызы бар Самара-Шымкент автожолының бойында барлығы 68 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның басым бөлігі Қызылорда қаласынан Ақтөбе облысына қарай бағыттағы екінші техникалық санаттағы жолда болған.

«Жол бойында қараусыз қалған сиыр, жылқылар жол бойына шығып кетеді. Бұл жол-көлік оқиғаларын азайтпай тұр. Бірнеше күн бұрын Қармақшы ауданының тұсында жол үстінде ұйықтап кеткен жүргізушінің әрекетінен оқыс оқиға тіркеліп, бірнеше азамат көз жұмды», - деп мәлім етті облыс әкімдігінен.

Осыған байланысты облыс әкімдігі тарапынан қала, аудандардағы иесіз жүрген малдарға қатысты қадағалау, патрульдік нарядтардың жұмысын қайта жолға қою жөнінде тапсырма берілді.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында жол апатынан 5 адам көз жұмды.
05 қазан 2022 ж. 369 0