Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Алматыда ер адам пойыздың төбесіне отырып үйіне жетпек болған

Алматыда ер адам пойыздың төбесіне отырып үйіне жетпек болған

Алматы-2 станциясында полицейлер пойыздың төбесінен ер адамды түсіріп алды. Ол Батыс Қазақстан облысына пойыздың үстіне отырып бармақшы болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«24 шілдеде «Алматы 1» станциясындағы Желілік полиция басқармасының кезекші бөліміне сағат 20:20-да қоңырау түсті. «Алматы-2» станциясынан «Алматы-Орал» қатынасымен жолаушылар пойызын жөнелту кезінде машинист азаматтың өміріне қауіп төнгендіктен шұғыл тежеу қолданған. Ол Алматы-2 станциясында артқы вагонның төбесіне шығып алған», деп мәлімдеді Көліктегі полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері пойызды тоқтатқаннан кейін құқық бұзушы акт бойынша вагонның төбесінен түсірілді.

«Тексеру барысында Батыс Қазақстан облысының 47 жастағы тұрғыны анықталды. Сауалнама барысында ер адам билетке ақшасы жоқ екенін түсіндіріп, үйіне пойыздың төбесі арқылы жетпек болған», деп хабарлады көлік полициясы.

Оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК (15 315 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
05 тамыз 2022 ж. 483 0