Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№27 газет

14 сәуір 2026 ж.

№26 газет

11 сәуір 2026 ж.

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Қаңтар оқиғаларын тергеу үлкен қиындықпен өтіп жатыр – Президент

Қаңтар оқиғаларын тергеу үлкен қиындықпен өтіп жатыр – Президент

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қаңтар оқиғаларын тергеуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алматыда мемлекеттік төңкеріске, Мемлекет басшысын лауазымынан ығыстыруға талпыныс болды. Біз мұның тәжірибелі кәсібилердің жақсы ұйымдастырған акциясы болғанына қатысты өзімізге есеп береміз. Олар адамдарды әкімшілік ғимараттарға бастап барды. Сонымен қатар осы оқиғалар кезінде 3 мыңнан астам қару ұрланды. Олардың басым бөлігі әлі күнге дейін қолда жүр. Біз тергеуді үлкен қиындықпен жүргізіп жатырмыз. Себебі, осы оқиғалардың ұйымдастырушылары мен үйлестірушілері өздерін барынша кәсіби ұстап, барлығын әшкерелеуге мүмкіндік беретін өте маңызды ізді білдірмей жібере алды», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев ресейлік журналист Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында.

Дегенмен, Мемлекет басшысының атап өтуінше, ведомствоаралық арнаулы топ мемлекеттік төңкеріс жасауға бағытталған осынау талпыныстың барлық мән-жайын ашу үшін табанды түрде жұмыс істеп жатыр.

«Алматыға өте қатыгездікпен шабуыл жасалды. Адамдар өте қатты зорлық-зомбылыққа ұшырады. Үлкен базарлардан келген мародерлер өте көп болды. Алматы әкімдігі мен Президент резиденциясының өртенгенін айтып та отырғаным жоқ. Алматыда орын алған оқиғаны жеңілдетуге болмайды», - деді ҚР Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев трагедия ауқымының үлкендігін және қысқа мерзімде барлық мән-жайды ашудың қиындығын баса айтты.
15 маусым 2022 ж. 465 0